Вернуться назад Распечатать

Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді


Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді.  Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те  хабарлады.

«Отырыста үкімет елдің 2020 жылдың бірінші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы есеп ұсынады. Онда коронавируспен күрес шаралары, мемлекет басшысының үкімет қызметінің негізгі бағыттары мен алдағы кезеңдегі міндеттері туралы тапсырмалары қаралады», - делінген хабарламада.