Вернуться назад Распечатать

Министр: Оқушылар бірінші тоқсанда қашықтан оқиды


ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2020-2021 жылғы оқу жылының бірінші тоқсанында 1-11 сынып оқушылары қашықтан оқитынын айтты. 
«Сіздер жаңа оқу жылына дайындалуға бұйрық берілгенін білесіздер. Қазіргі жағдай қиын. Қауіп-қатерді ескере отырып, 1-қыркүйектен бастап алғашқы тоқсан сабақтары қашықтан оқытылады», - деді Аймағамбетов.