Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауы барысында коронавирус пандемиясының кемінде екі жылға созылуы ықтимал екенін жеткізді.
«Біз азаматтардан ештеңе жасырмадық. Өлім-жітім санын жарияладық. Шындық ащы болса да, оны айтып келеміз. Босаңсуға болмайды. ДДСҰ болжамы бойынша, коронавирус пандемиясын жеңу үшін екі жыл уақыт керек», - деді Тоқаев.