Вернуться назад Распечатать

Қазақстанда жаңа министрлік құрылады


Ішкі істер министрлігінің структурасын қайта қарауымыз керек. Бұл туралы Қазақстан халқына Жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. 
«ІІМ-ді бейінді емес функцияларынан арылту керек. Бұл маңызды ведомстваның жұмыс сапасын арттырады. Біз табиғи және техногендік апаттар дәуірінде өмір сүріп жатқандықтан, Төтенше жағдайлар министрлігін қайта құруды жөн деп санаймын», - деді ол. 
Төтенше жағдайлар министрлігі 2014 жылы 6-тамызда ҚР ІІМ қарамағына енгізілген еді. Бұл министрлікте соңғы рет министр қызметін Владимир Божко атқарған.