Ресейдің Хабаровск өлкесіндегі тұрғындар бұрынғы губернатор Сергей Фургалдың бостандығын талап етіп, 57 күн бойы бас көтеріп келеді. Фургал осыдан бірнеше жыл бұрын кәсіпкерлерді өлтіруге қатысты әрекетке барды деп айыпталған. Бүгінгі митингке екі мыңға тарта адам шыққанына қарамастан, жергілікті әкімшілік бас көтергендер қарасын мың адам деп мәлімдеген.
Митингтен кейін Хабаровск өлкесінің әкімдігіне алып баратын басты жолдармен шеру ұйымдастырылған. Фургалдың қолдаушылары полиция қызметкерлерінің жолды босату туралы талабына пысқырып та қарамады.
Шеруге шыққандардың талаптары аймақтық және бүкілресейлік жағдайларды қамтыды. «Единая Россия» партиясы – лас шелек», «Путин отставкаға кет», «Бостандық» деген мазмұндағы лозунгтар – соның айғағы. Сонымен қатар саяси тұтқындарды босату, белсенділерді қудалауды доғару туралы талаптар да көзге түскен. Акциядан кейін белсенділердің бір тобы қала басшысының ғимаратының алдына келген. Олар Фургалдың орнына тағайындалған Сергей Кравчуктен қызметтен кетуді талап етті.
Акцияға қатысқан азаматтардың басым көпшілігі қолдарына жасанды гүл ұстап келіпті. Өздері шенеунікті туған күнімен құттықтаймыз дейді. Дегенмен бұл гүлдер біршама уақыт бұрын ғана қолдан жасалған сот пен әділ сайлаудың «зиратында» жатқан-ды.
Белсенділер жергілікті басшылықпен келесі сенбіде 70 мың адамға дейін жиналып, митинг өткізуге рұқсат алды.