Вернуться назад Распечатать

Алматы қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды



Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың үкімімен Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Мақсат Қиқымов Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, - делінген хабарламада.

Мақсат Қиқымов 1986 жылы дүниеге келген. 

Банк академиясы колледжінің, Алматы экономика және статистика академиясының, Тұран университетінің түлегі.
Сондайқ-ақ қаржы, мұнай және мемлекеттік секторларда 15 жылдан астам жалпы жұмыс тәжірибесі бар.

Еңбек жолын 2005 жылы «Альянс Банк» АҚ Алматы қаласындағы филиалының есеп және есеп беру бөлімінің маманы болып бастаған.