Вернуться назад Распечатать

Олжас Сүлейменов жаңа қызметке тағайындалды


Мәжіліс Қазақстан үкіметі мен білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі БҰҰ (ЮНЕСКО) арасындағы ЮНЕСКО аясында Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығын (2-санат) құру туралы келiсiмді ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады. Орталықты белгілі ақын Олжас Сүлейменов басқарады.

Келісім "Мәдениеттерді жақындастыру орталығы" мемлекеттік музейі" РМҚК базасында Алматы қаласында ЮНЕСКО-ның қамқорлығымен Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығының (2-санат) қызметін қамтамасыз етуді көздейді.

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың айтуынша, шартты ратификациялау халықаралық деңгейде Қазақстанның беделінің артуына ықпал етеді.

"Орталықты белгілі қазақстандық ақын, жазушы Олжас Омарұлы Сүлейменов басқарады", - деді министр.