Вернуться назад Распечатать

Назарбаев кәсіпкер Сәрсеновке орден табыстады


Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденін «BSB» Қаржы-өндірістік корпорациясының президенті Рашит Сәрсеновке табыс етті.

«Орден табыстай отырып, Қазақстанның Тұңғыш Президенті отандық кәсіпкердің елді дамыту және өркендетудегі еңбегін ерекше атап өтті», - делінген хабарламада.

Рашит Темірболатұлы Сәрсенов - қазақстандық кәсіпкер. Forbes журналының хабарлауынша, 2020 жылдың қазан айында оның құны 632 миллион доллар болатын активтері болған. Рашит Сәрсенов - философия ғылымдарының кандидаты Еңбек жолын мұғалім болып бастаған. Қазақстан Республикасы халық ағарту министрінің орынбасары болып жұмыс істеді.