Қазақстан коронавирус таралу көрсеткіші бойынша «сары» аймаққа кірді. Бұған Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасының деректері дәлел.
25 желтоқсандағы жағдай бойынша, Атырау облысы "қызыл" аймақта орналасқан. «Сары» аймақта - Алматы, Нұр-Сұлтан, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары бар. Басқа өңірлер "жасыл" аймақта. Айта кетейік, бүгінге дейін Қазақстан «жасыл» аймақта болған.