Вернуться назад Распечатать

Ерлан Қарин екінші рет коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

Мемлекет басшысының көмекшісі Ерлан Қарин екінші рет коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы саясаткер өзінің Facebook парақшасында хабарлады.

Ерлан Қаринге отандық QazCovid-in вакцинасы салынды. 
«Сонымен, бүгін QazCovidIn вакцинасы екінші рет егілді. Вакцинацияның талабына сәйкес екі рет егілу тиіс, яғни 21-22 күннен кейін», - деп жазды саясаткер. Президент көмекшісінің сөзінше, бұл иммунитетті күшейту үшін қажет.

 «Алдағы үш күн су тигізбеу керек, спортпен айналысуға болмайды», - дейді ол. Сондай-ақ Ерлан Қарин алғашқы вакцинациядан кейін ешқандай жағымсыз әсер сезбегенін атап өтті.