Вернуться назад Распечатать

Qazaq Air әуе компаниясына қатысты тексеріс басталды


ААК баспасөз қызметі хабарлауынша, Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Qazaq Air әуе компаниясының жоспарлы инспекциясын бастады.
«Әуе компанияның ұшуды пайдалану, ұшуға жарамдылығы және медициналық саладағы, сондай-ақ лицензиялар мен сертификаттар беру бойынша қызметі тексерілетін болады. Қазақстанның авиациялық әкімшілігі жылына кемінде бір рет әуе кемелерін пайдаланушыларға инспекция жүргізеді», - делінген хабарламада.