Вернуться назад Распечатать

Тоқаев: Әлихан бастаған қазақ зиялылары ұлттық мүдде жолында аянбай еңбек етті


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының жетекшілерінің бірі Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығына орай твит жариялады.

«Бүгін – тарихи тұлға Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл. Ол – халқымыздың біртуар перзенті, Алаш қозғалысының негізін қалаушы. ХХ ғасырдың басында Әлихан бастаған қазақ зиялылары ұлттық мүдде үшін аянбай еңбек етті», - деп жазды Президент Twitter-де.

Әлихан Бөкейханов – халқымыздың тұңғыш саяси Алаш партиясының ұйымдастырушысы және ұлттық Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, ғалым, әдебиеттанушы, аудармашы әрі дарынды публицист.

Фото: elarna.net