Вернуться назад Распечатать

ҚР ДСМ қанша адамның вакцина салдырғанын айтты

Денсаулық сақтау министрлігі халықты вакцинациялау туралы мәліметтерді жариялады.

Министрліктің хабарлауынша, 33 279 адамға Sputnik V вакцинасының бірінші компоненті салынған.

1 ақпан күні Қазақстанда коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация басталды. Билік өкілдері екпе бірінші кезеңде дәрігерлерге, ал екінші кезеңде мұғалімдерге салынатын хабарлады. Үшінші кезең мектеп-интернаттардың, балабақшалардың мұғалімдерін, оқушылар мен созылмалы аурулары бар адамдарды қамтиды.