Вернуться назад Распечатать

Алматыдағы «барахолка» өртеніп жатыр (видео)

Алматыдағы «барахолка» базарынан өрт шықты. Базардың өртеніп жатқан видеосы әлеуметтік желілерде тарап кетті.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаметінің хабарлауынша, түскі сағат 14:51 өрт сөндірушілер Жетісу ауданы Солтүстік айналма тас жолы 7, Байсат базары мекенжайы бойынша шақыртуға шыққан. 

«Өрт сөндірушілер оқиға орнына 3 минутта келді. Олар бірнеше контейнердің отқа орағанын анықтады. Өрт сөндіру техникасының өтуіне жеке автокөліктер кедергі келтірген. Сондықтан «109» құтқару қызметінің эвакуаторлары жіберілді», - деп хабарлады ведомствадан.

Фото: Kris.p.almaty