Вернуться назад Распечатать

«Қазақстан темір жолының» басқарма төрағасы тағайындалады

«Самұрық-Қазына» «ҰӘҚ» АҚ басқармасының шешімімен Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды. 
«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев «ҚТЖ» АҚ жаңа басшысын  ұжымға таныстырды.

Нұрлан Сауранбаев бұған дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған еді.