Вернуться назад Распечатать

Президент Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі тағайындалды

Қанатбек Бақытұлы Жайсаңбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысының өкімімен Қанатбек Бақытұлы Жайсаңбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада.

Фото: astana-akshamy.kz