Вернуться назад Распечатать

Алматыда бір тәулікте 3 мың адам вакцина салдырды

Алматыда бір тәулік ішінде 3 050 адам коронавирусқа қарсы екпе алды. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

1 ақпаннан 18 сәуірге дейін барлығы 134 484 адам вакцина салдырған. Қалада 203 егу пункті жұмыс істейді, онда 1 809 медицина қызметкерінен тұратын 406 егу бригадасы жұмыс істейді.

Фото: azattyq-ruhy.kz