Вернуться назад Распечатать

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін бейнеүндеу жасайды


Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 20:00-де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дөңгелек үстел отырысында бейне үндеу жасайды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады. 

«Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 20:00-де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өндіруші салалардағы мәселелер жөніндегі жаһандық дөңгелек үстел отырысында бейне үндеу жасайды. Мемлекеттер мен үкіметтер басшылары деңгейіндегі бұл виртуалды форум БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің бастамасымен өтеді», - деп жазды Берік Уәли Facebook-те.