Вернуться назад Распечатать

"Қазақстанның жарқын болашағының кепілі": Тоқаев балаларды құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады.

"1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Еліміздің жас буын өкілдерінің балалық шағы бақытты өтіп, дені сау, жан-жақты азамат болып өсуіне жағдай жасау – стратегиялық маңызы бар міндет. Бұл – Қазақстанның жарқын болашағының кепілі", - деп жазды Тоқаев Twitter-де.