Вернуться назад Распечатать

Тоқаев: Қазақстан табиғатты қорғауға баса мән береді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 5 маусым Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні екенін еске салып, Қазақстан экологиялық мәселелерде нақты нәтижелерге қол жеткізеді деген сенімін білдірді. Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды. Президент Біріккен Ұлттар Ұйымы алдағы он жылды экология жүйесін қалпына келтіруге арнайтынын да мәлімдеді. 

«Бүгін – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні. Біріккен Ұлттар Ұйымы алдағы он жылды экология жүйесін қалпына келтіруге арнамақ. Қазақстан табиғатты қорғауға баса мән береді. Біз «жасыл бастамаларды» жүзеге асырып, нақты нәтижелерге қол жеткіземіз деп сенемін», - деді Президент.

Сурет: exclusive.kz