Вернуться назад Распечатать

Владимир Путин премьер-министр Асқар Маминді марапаттады

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанның премьер-министрі Асқар Маминді марапаттады. Ресей президентінің жарлығы ресми интернет-порталда жарияланды.

"Ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, халықтар арасындағы достықты нығайтуға қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Ұзақбайұлы Мамин Достық орденімен марапатталсын", - делінген жарлықта.

Сурет: ELGEZIT.KG