ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин биылғы 21 маусымда жұмыс күні аяқталғаннан кейін коронавирусқа қарсы вакцина алды.
Үкімет басшысы Қарағанды фармацевтикалық зауытында шығарылған «Спутник V» вакцинасын салғызды. Бұл туралы ақпарат primeminister.kz сайтында жарияланды.
Премьер-министрдің вакциналаудан кейінгі жағдайы жақсы, ешқандай жанама әсерлері болған жоқ.
Бүгінгі таңда Қазақстанда 2,8 миллионнан астам адам бірінші компонентті, 1,7 миллионнан астам адам екінші компонентті алды.