Вернуться назад Распечатать

Президентке қастандық жасалды


Қастандық ойлаған қара ниеттілер өз ойларын жүзеге асырып үлгерген. Жағдай президент резиденциясында орын алыпты. Гаити президенті Жовенель Моиз резиденциясына шабуыл жасағандардың қолынан қаза тапты. 

Елдің премьер-министрі Клод Жозефтің айтуынша, шабуыл сәрсенбі күні жасалған. Испан тілінде сөйлейтін белгісіз қарулы адамдар президенттің резиденциясына шабуыл жасаған. 
«Түнгі сағат 1 шамасында (Нұр-Сұлтан уақытымен 11:00) белгісіз адамдар тобы, арасында бірнешеуі испан тілінде сөйлейді, республика басшысының жеке резиденциясына шабуыл жасап, оның өміріне қауіп төндіретін зардап келтірген», - дейді Жозеф. 
Қайтыс болған президенттің әйелі де шабуыл кезінде ауыр жарақат алған. Бірінші леди қазіргі уақытта қажетті көмектің барлығын алып жатыр екен.