Вернуться назад Распечатать

Назарбаев «Nur Otan» төрағалығын Тоқаевқа табыстайды

Бүгін 23 қараша күні Қазақстанның экс-президенті, «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партиядағы қызметін қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа табыстайтынын мәлімдеді.

Назарбаев ел басқару қызметінен кеткеннен кейін «Nur Otan» партиясының төрағасы болып қалды. Назарбаев шешімімен өкілеттілігі Қазақстан президентіне беріледі. 

«Nur Otan» партиясының ережелеріне сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев — партиядағы жоғары басшы тұлға. Бұл туралы Айдос Үкібай Twitter парақшасында жазды. Тағайындау партия ережесіне сәйкес өтетін болады.
Фото: yvision.kz