Жаңадан құрылған Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы өңірдегі күн тәртібінде тұрған аса маңызды мәселелер туралы мәлімдеме жасады.
Аймақ басшысы жақында облысқа Президенттің келетінін және Мемлекет басшысына айтылатын басты мәселе Қызылорда – Жезқазған тас жолының құрылы екенін айтты. Оның айтуынша, бағаның өсуіне байланысты жобаның құнын қайта қарау қажеттілігі бар.
«Жезқазғанда, жалпы аймақта ауыз су мәселесі бар. Облыстағы инфрақұрылым әбден тозығына жеткен. Жаңаарқа, Сәтпаев, Жезқазған қалаларында кәріз жүйесі мен ауыз су жүйесін жөндеу керек», - деді ол.
Әкім, сонымен қатар, аталған мәселелерді шешу үшін демеушілерді тарту қажеттігін, оның ішінде ірі өндірістік мекемелерді жұмылдыру қажеттігін алға тартты.
«Әрине, басқа да жобалар бар. Халық саны артқан сайын тұрғын үйге де сұраныс жоғары. Қаражалдың жолын жөндеп, Ұлытауға су жеткізу керек. бұл мәселелер бір жыл ішінде шешілмейді. Бұл жобаларды алдағы 2-3 жылда жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз», - деді әкім.