Вернуться назад Распечатать

Тоқаев РФ ұсынған жоғары дәрежелі орденнен бас тартты


Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясындағы жоғары дәрежелі награда – «Александр Невский» атындағы орденнен бас тартты. Бұл туралы белгілі инсайдер Ербол Еділов мәлімдеді. 
«Бірқатар дәреккөздің мәліметіне сүйенсек, кеше ресейлік тарап Қасым-Жомарт Тоқаевты «Александр Невский» орденімен марапаттамақ болған. 
Мемлекет басшысы көрші елдің сый-құрметіне алғыс білдірді. Бірақ ол президенттік өкілеттілігі аяқталмайынша отандық және шетелдік марапаттарды қабылдаудан бас тартқан. 
Президенттің Бішкек сапарында да қырғыз халқының ең жоғары марапаты – бірінші дәрежелі «Манас» орденінен бас тартқан еді», - деп жазды ол.