Вернуться назад Распечатать

АҚШ Мемлекеттік хатшысы твиттерде Қазақстандағы сапарынан суреттер жариялады

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстандағы сапарының суреттерінтвиттердежариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Екі жақты қарым-қатынастар мен Қазақстандағы реформа бағдарламаларын қолдайтын ведомствоаралық топқа алғыс айтамын. Қазақстандағы АҚШ елшілігінің командасы екі ел арасындағы байланыстарды нығайтуға күш салып келеді», - деп жазды Энтони Блинкен твиттерде.

Еске салсақ бүгін таңертең АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға алғаш сапармен келді. Мәртебелі мейман сапар аясында Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен екіжақты келіссөздер өткізді.

Сонымен қатар ол еліміздің бас қаласында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездеседі деп жоспарланған.