Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстанда Абай күні қалай аталып өтетіні туралы айтты.
Биыл Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл. 10 тамыз Абай күні болып жарияланды және бұл күн мереке күндерінің ресми тізіміне енгізілді.
Президент жазғандай, Абайдың құрметіне «ауқымды іс-шаралар мемлекеттік және халықаралық деңгейде жоспарланған. Бірақ мұның бәрі ойын-сауық үшін емес, біздің санамызды, көкжиегімізді дамытып, рухани тұрғыдан даму үшін жасалады».
Мәдениет министрлігі биылғы жылы коронавирустың өршуіне байланысты көптеген іс-шаралар онлайн режимінде өткенін және өткізілетіндігін атап көрсетеді.
«Жидебай-Бөрілі» Абайдың Мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы «Хәкім Абай» арнайы мәдени бағдарламасын жасап шығарды, ол «Qazaqstan» телеарнасының «Таңшолпан» бағдарламасымен тікелей байланыстан басталып, белгілі мәдениет қайраткерлерінің Абайдың шығармаларын оқу арқылы жалғасады.
Сол күні «Хәкім Абай және ХХІ ғасыр: болашақпен әңгіме» атты халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференцияның жұмысы басталады. Конференцияға белгілі Ресей әдебиет академиясының академигі Георгий Пряхин, мәдени-ағарту мекемелерінің өкілдері және басқалар қатысады.
Сондай-ақ, Интернет қолданушыларының назарына күн сайын Абай үй-музейінің, Абай-Шәкәрім кесенесінің бейне-турлары, Абай мұражайының экспонаттары туралы ақпараттық бейнероликтер ұсынылады.
Абайдың туған жерінде ақынның мерейтойы аясында ақынның есімімен байланысты тарихи-мәдени мұра объектілерін қалпына келтіру және мұрағаттау жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, халықаралық ауқымда, 10 тамызда сағат 15.00-де Абай әлемін әлемнің сегіз халықаралық тілінде (француз, ағылшын, араб, испан, қытай, жапон, неміс, итальян) Абай өлеңдерін оқудың халықаралық видео-марафоны басталады.
Айта кетейік, ұлы ойшыл, ақынды еске алу құрметіне ел астанасында, Қазақстанның бірқатар қалаларында гүл қою рәсімі өтеді.