Вернуться назад Распечатать

Тоғыз жылдан кейінгі жеңіс: «Челси» Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды

29 мамыр күні Портуда (Португалияда) өткен футболдан Чемпиондар лигасының финалында Лондонның "Челси" командасы жеңіске жетті. 

Челси финалда Англияның тағы бір командасы "Манчестер Ситиден" басым түсті. Есеп – 1:0.

Финалдағы жалғыз әрі шешуші голды 42-минутта "Челси" құрамындағы германиялық ойыншы Кай Хаверц салды. Ол "Манчестер Сити" қақпашысы Эдерсенмен бетпе-бет келіп, алдап өтіп, допты бос қақпаға салды.