Түркістан облысында 2 инкассаторды өлтірген қылмыскер 24 жылға сотталды
Түркістан облысындағы «Қазпошта» қызметкерлерін өлтірген адамға қатаң жаза тағайындалды.
«Аса ауыр қылмыс үшін компанияның бұрынғы жүргізушісі ұзақ мерзімге сотталды. Ол ширек ғасыр уақытын колонияда өткізеді. Сондай-ақ ақшаны жасырып қоймақшы болған қылмескердің серіктесі де қолға түсті. Оның кінәсіне материалдар толық дәлел бола болдыі. Сот үкімімен екі адамды өлтіргені үшін 24 жылға бас бостандығынан айырылды. Серіктесі қылмыс туралы хабарламағаны үшін төрт жылға бас бостандығынан айырылды „, — дейді Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Дәурен Мадалиев.