Вернуться назад Распечатать

Бір тәулікте 2,7 мыңға жуық адам індет жұқтырды

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 684 дерек тіркелді. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, е лімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 338 090-ға жетті. 

Соңғы тәуілкте ауырғандардың ішінде: 

Нұр-Сұлтан қаласында - 864, 

Алматы қаласында - 505, 

Шымкент қаласында – 84, Ақмола облысында – 89, 

Ақтөбе облысында – 33, 

Алматы облысында - 73, 

Жетісу облысында - 74, 

Атырау облысында - 68, 

Шығыс Қазақстан облысында - 20, 

Абай облысында - 43, 

Жамбыл облысында - 81, 

Батыс Қазақстан облысында - 52, 

Қарағанды облысында - 379, 

Ұлытау облысында - 41, 

Қостанай облысында - 49, 

Қызылорда облысында - 102, 

Маңғыстау облысында - 34, 

Павлодар облысында - 49, 

Солтүстік Қазақстан облысында - 24, 

Түркістан облысында 20 адам тұрады. 

Ал осы күні 1 314 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында - 498, Алматы қаласында - 522, Алматы облысында - 39, Жетісу облысында - 56, Атырау облысында - 11, Абай облысында - 10, Жамбыл облысында – 27, Қарағанды облысында - 68, Ұлытау облысында - 6, Қызылорда облысында - 53, Павлодар облысында - 11, Түркістан облысында 13 науқас індеттен арылды. Елімізде барлығы 1 303 634 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.