Вернуться назад Распечатать

Алматыда қалалық сот ғимараты қоршауға алынып, судьялар эвакуацияланды

Алматыда қалалық сот ғимаратынан барлық судья мен қызметкер эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл туралы соттың ресми өкілі Абай Жарылқасын мәлімдеді. Сот ғимараты қоршауға алынған.

«Бүгін Алматы қалалық сотының кіріс кеңсесі поштасына түрлі сипаттағы қоқан-лоққы жасалған хабарламалар келіп түсті. Осыған байланысты қазіргі уақытта сот ғимаратында хабарламалар тексеріліп жатыр. Құрметті азаматтар, түсінбеушілікке жол бермеу үшін процестердің кейінге қалдырылғаны туралы хабарлаймыз», - делінген хабарламада.