Вернуться назад Распечатать

Мәжіліс депутаттары шахтада қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға тиесілі Ленин атындағы шахтадағы апатта қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«3 қарашада Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы шахтада болған апаттың салдарынан 5 адамның қаза тапқаны бәрімізге белгілі. Барлық депутаттық корпустың атынан қайтыс болған кеншілердің отбасы мен жақындарының қайғысына ортақсасып, көңіл айтамын», - деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 3 қарашада дәл осы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментіне тиесілі Ленин атындағы шахтада апат болды. Апаттан 5 кенші көз жұмды.