Вернуться назад Распечатать

Шетелдік көліктерді заңдастыру: 5 мыңнан аса адам қазақстандық нөмір алды

Ішкі істер министрлігі өкілдері Қазақстанда қанша көлік заңдастырылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz .

«Бүгінде 28 мың қазақстандыққа көлігін заңдастыруға рұқсат берілді. 5,5 көлік иесі құжаттары мен нөмірлерін алды», - деді ІІМ өкілдері брифингте.

Еске салайық, Қазақстанда шетелдік көліктерді заңдастыру басталған болатын.

Көлікті заңдастыруға өтініш беру:

•        e-gov.kz электрон үкімет порталы арқылы;

•        екінші деңгейлі банктердің қосымшасы арқылы;

•        халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚО) жүргізіледі.

Заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.