Вернуться назад Распечатать

Михаил Кукушкин АТР рейтингінде ТОП-50 қатарына енді

Bairaq.kz -Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин кәсіби теннисшілер қауымдастығы түзген рейтингте 13 сатыға көтерілді деп хабарлайды bairaq.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. Кукушкин «Уимблдон» турнирінің 1/8 айналымына дейін жеткен болатын. Бұл нәтиже қазақстандық теннисшінің 45-ші орынға көтерілуіне мүмкіндік берді.  АТР рейтингінде «Уимблдон» жеңімпазы Новак Джокович көш бастап тұр. Екінші орында испандық Рафаель Надаль, үшінші сатыда швейцариялық Роджер Федерер.
Арайлым Мельдешова