Вернуться назад Распечатать

Жылдың үздік голы немесе Пушкаш сыйлығынан кімдер үмітті?


ФИФА үздік гол соққан ойыншыға арналған Ференц Пушкаш атындағы сыйақыға үміткерлер тізімін жариялады.

Үздік үштікке «Атлетико» шабуылшысы Луис Суарес («Мальоркаға» соққан гол), «Тоттенхэм» жартылай қорғаушысы Сон Хын Мин («Бернли» қақпасына соққан гол) және «Фламенго» хавбегі Джорджиан де Арраскаэта («Сеараға» соққан гол) кіріп отыр. Еске салайық, The Best сыйлығын табыстау рәсімі 17 желтоқсанда өтеді. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты аталған іс-шара онлайн форматта өтеді.