Вернуться назад Распечатать

Қуат Хамитов ресейлік қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді


Қазақстандық файтер Қуат "Найман" Хамитов Магнитогорск қаласында (Ресей) AMC Fight Nights және "Болат жүрек" лигалары ұйымдастырған аралас жекпе-жек турнирінде қарсыласын нокаутқа түсірді.

Оның қарсыласы ресейлік Максим Пантелеев болды. Жартылай орта салмақта өткен жекпе-жектің бірінші раундының бірінші минутында Хамитов оң қолымен сәтті соққы жасап, қарсыласын нокаутқа түсірді. 

Бастапқыда Хамитов басқа ресейлік Алексей Ильенкомен жекпе-жекке шығуы керек еді, бірақ соңғы сәтте қарсылас өзгерді.

Дереккөз: Vesti.kz