Вернуться назад Распечатать

АҚШ: Шаңғы акробатика турнирінде қазақстандық спортшы алтын медаль иеленді


Қазақстандық Жанбота Алдабергенова фристайл-акробатикадан халықаралық турнир жеңімпазы атанды.

АҚШ-тың Юта парк аймағында фристайл-акробатикадан North American Cup халықаралық додасы өтіп жатыр. Отандасымыз 85.68 нәтижесімен топ жарды.

АҚШ өкілі Тасиа Таннер 76.56 көрсеткішімен күміске ие болса, канадалық Юстин Элли қола жүлдені иеленді.