Вернуться назад Распечатать

Бүгін футболдан ел біріншілігі басталады

Бүгін елімізде футболдан Қазақстан біріншілігі жалауын көтереді.

Қазақстан премьер-лигасында өнер көрсететін он төрт команда кезекті біріншілікті бастайды.

Сонымен бүгін «Қайрат» Алматыда Талдықорғанның «Жетісуын», «Тұран» Түркістанда «Астананы», «Атырау» Қарағандының «Шахтерін» қабылдайды. Алғашқы турдың басқа ойындары жексенбі күні өтетінін хабарлаймыз.