Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы Аргентинаға қарсы тарихи жеңіске жетті.
«Аргентина мен Қазақстан арасындағы Билли Джин Кинг Кубогының плей-офф кезеңіндегі текетірес ұлттық құрама үшін жеңіспен аяқталды. Қазақстан алғаш рет плей-офф кезеңінен өтіп, тарихи жеңіске жетті. Құрама әлемдік топта өз орнын сақтап қана қоймай, 2022 жылдың финалына дейін қорытынды квалификацияда ойнау құқығына ие болды», - деді Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі.
Кездесу Кордовада өтті. Қазақстанның атынан Ярослав Шведов (құрама капитаны) пен Анна Данилина қатысты, олардың қарсыластары Надя Подороску мен Мария Лурдес Карле болды. Жалпы есеп - 3: 2, Қазақстан құрамасының пайдасына шешілді.
Фото: ktf.kz