Вернуться назад Распечатать

Игорь Сон: «Сыйақымды інімнің еміне жұмсаймын»


Токио-2020 Олимпиадасының қола жүлдегері Игорь Сон брифингте медаль үшін берілетін қаржылай сыйақыны інісінің еміне жұмсайтыны туралы айтқан. 
«Менің інімде ЦСА. Олар – анам, әкем, інім Кореяға емделуге кеткен, қазір сол жақта», - деді Сон. 
Спортшы өзінің тапқан табысын бауырының еміне жұмсап, оның тезірек жазылуына көмектескісі келетінін айтқан.
«Менің мақсатым – інімді аяғынан тұрғызу. Ал қалғанының бір жөні болады», - деді ол.