Вернуться назад Распечатать

Рекорд! Елімізде бір мезетте 112 науқас анықталды


Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бір мезетте 112 науқас анықталып отыр. 

Ал еліміздегі инфекция жұқтырған азаматтардың жалпы саны 1091 адамға жетті. Жаңа анықталған науқастардың үлесі: 

Нұр-Сұлтан қаласы – 3; 

Алматы қаласы – 99; 

Қарағанды облысы – 1; 

Алматы облысы – 1; 

Ақмола облысы – 2; 

БҚО – 2; 

Түркістан облысы – 1; 

Атырау облысы – 3.