Вернуться назад Распечатать

Қытай дәрігерлері коронавирус вакцинасын жариялады


Қытай ғалымдары коронавирус жұққаннан кейін асқынған пневмонияны тоқтату үшін гипертензия кезінде тағайындалатын дәрі-дәрмекті ұсынды. 

Коронавирус вакцинасын жасаудағы ең бірінші міндет – оның пневмонияны қоздыруының алдын алу. Зерттеушілер коронавирустың негізгі вакцинасынан бұрын адъювантты – қосымша препараттарды іздейді. Бұл адъюванттар індет симптомдарын жеңілдетіп, аурудың асқынып кетуінің алдын алады. Сондай-ақ, вирусқа қарсы күресетін ағза иммунитетін көтереді. 

Қытайлық дәрігерлер аталған адъюванттарды коронавирус жұқтырған науқастарға сынап көрді. Зерттеуге 564 науқас қатысқан. 

Зерттеу барысында қолданылған препараттың құрамында келесі антивирустық қоспалар бар: арбидол, лопинавир немесе ритонавир, интерферон-альфа; сонымен қатар, келесі иммунодуляторлар бар: хлорохин и гидроксихлорохин. 

Ғалымдардың ойынша, адъюванттар коронавирус жұқтырған азаматтың пневмониясы асқынып кетуінің алдын алуға керемет көмектеседі. Сондай-ақ, ағзадан қуылған вирустың тезірек шығып кетуіне ықпал етпек.