Вернуться назад Распечатать

Қарағанды облысында бірнеше ауылдың атауы қазақшаға ауыстырылады

Қарағанды облысында бірнеше ауылдың атауы қазақшаға ауыстырылады. Қаулы жобасы қоғамдық талқылау үшін жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz .

«Бұқар Жырау ауданы Үштөбе ауылдық округіндегі Новостройка ауылы - Атамекен ауылына қайта аталсын», - деп жазылған құжатта.

Бұдан бөлек, Осакаров ауданының бірнеше ауылдық округтері мен ауылдарының атауы өзгереді:

•        Звездный ауылдық округі - Жұлдыз ауылдық округіне;

•        Тельман ауылдық округі - Нияз ауылдық округіне;

•        Звездный ауылдық округіндегі Звездное ауылы - Жұлдыз ауылына;

•        Николаевка ауылдық округіндегі Комсомольское ауылы - Қайыңды ауылына;

•        Қаратомар ауылдық округіндегі Сенакосное ауылы - Қаратомар ауылына;

•        Тельман ауылдық округіндегі Тельманское ауылы - Қаракөл ауылына;

•        Садовый ауылдық округіндегі Чапаево ауылы - Жаңатоған ауылына.

Құжат 27 сәуірге дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.