Вернуться назад Распечатать

Дариға Назарбаеваның өкілеттігі тоқтады


Мемлекет басшысының жарлығымен Сенат депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігі тоқтады. 

«Мемлекет басшысының жарлығымен ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның өкілеттігі тоқтады», - деп жазылған Ақорда сайтында. 

2019 жылдың 20-наурызында Дариға Назарбаева Сенат спикері болып тағайындалған еді. 

Ол құпия дауы беру тәсілімен сайланған. Сайлауға қатысқан 44 сенатордың барлығы оның кандидатурасына дауыс берген. 

2019 жылдың 12-тамызында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев оны Сенат спикері етіп қайта тағайындаған еді.