Бүгін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ведомствоаралық отырыс өтті. Отырыста экономикалық салаларды қалпына келтіру және халықты жұмыспен қамту турасында бірқатар шешімдер қабылданды.
Қазақстанда 13-мамырдан бастап Шымкент, Ақтау, Орал, Жезқазған, Балқаш, Үржар және Зайсан қалаларындағы әуе рейстері ашылады. 18-мамырдан бастап қонақ үй кешендері мен 30 орынға дейінгі қоғамдық тамақтану орындары жұмысын бастайды.
18-мамырдан бастап діни орталықтардың жалпы сыйымдылықтың 30 пайызына дейін адамдарды қабылдауға рұқсат етіледі. 1-маусымнан бастап санитарлық талаптарды сақтау арқылы темір жол қозғалысын қалпына келтіруге мән беріледі.
2020 жылдың 15-мамырынан бастап пойыз билеттері сатылады. Сондай-ақ, қазақстандықтарды шетелден алып келуге шешім қабылданды.