Қазақстанда өткен тәулік қорытындысы бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған 307 адам анықталды.
«Өткен тәулікте елімізде инфекция жұқтырған 307 науқас анықталды. Өсу көрсеткіші 5,2 пайызды құрайды», - деп мәлімдеді жауапты штаб.
307 науқас аймақ бойынша:
Алматы қаласы – 93,
Шымкент қаласы – 77,
Атырау облысы – 35,
Нұр-Сұлтан қаласы – 32,
БҚО – 22,
Қарағанды облысы – 13,
Ақмола облысы – 9,
Түркістан облысы – 6,
Маңғыстау облысы – 6,
Алматы облысы – 5,
Ақтөбе облысы – 4,
Қостанай облысы – 2,
Жамбыл облысы – 2,
ШҚО – 1.
Елімізде барлығы 6 157 адам инфекция жұқтырып, 2 980 адам жазылып шыққан. Қайтыс болғандар саны – 34 адам.