Вернуться назад Распечатать

Өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырды?


Коронавирус инфекциясының өсу қарқыны карантин шараларын жеңілдеткеннен кейін жылдамдық алды. Өткен тәулікте елімізде 322 адамның инфекция жұқтырғаны анықталған. 
«322 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды, оның ішінде: Қарағанды облысында 42, Жамбыл облысында 20, Шымкентте 34, Алматы облысында 16, Нұр-Сұлтанда 83, Түркістан облысында 15, Ақтөбе облысында 10, Алматыда 66, БҚО-да 10, Ақмола облысында 3, Атырау облысында 16, Қостанай облысында 2, ШҚО-да 1, Қызылорда облысында 3, Павлодар облысында 1», - делінген мәлімдемеде. 
Елімізде науқастардың жалпы саны 7 919 адамға жетті.