Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 9932 адамға жетті. Ауруханадан айығып шыққан азаматтар саны – 4900. Өкінішке орай, 37 адам індеттің құрбаны болды.
Бір тәулік ішінде 356 науқасы анықталып, өсу көрсеткіші 3,7 пайызды соқты. Жаңа науқастар аймақ бойынша төмендегідей:
Алматы – 84,
БҚО – 51,
Нұр-Сұлтан – 48,
Маңғыстау облысы – 40,
Қарағанды облысы – 34,
Шымкент – 32,
ШҚО – 23,
Атырау облысы – 21,
Алматы облысы – 7,
Қызылорда облысы – 6,
Павлодар облысы – 5,
Жамбыл облысы – 3,
Ақмола облысы – 2.