Вернуться назад Распечатать

Қазақстанда науқастар саны 10 мыңнан асты


Өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған 450 науқас анықталды. Науқастардың өсу көрсеткіші 4,5 пайызды құрайды. 
Науқастар саны аймақ бойынша: 
Нұр-Сұлтан – 89, 
Шымкент – 51, 
Атырау облысы – 44, 
Қарағанды облысы – 41, 
Алматы – 37, 
БҚО – 36, 
Ақтөбе облысы – 34, 
Қостанай облысы – 29, 
Алматы облысы – 23, 
ШҚО – 17, 
Қызылорда облысы – 16, 
Түркістан облысы – 10, 
Павлодар облысы – 8, 
Маңғыстау облысы – 7, 
Жамбыл облысы – 5,
СҚО – 3. 
Сонымен қатар, өткен тәулікте ауруханадан 157 науқастың айығып шыққаны мәлім болды. Қазір еліміздегі науқастардың жалпы саны 10 382 адамға жетсе, 5057 адам ауруханадан шығарылған. Қаза тапқандар саны – 37.